Бейсенбі, 14 Қараша 2024 06:57

АТУ түлектерінің II форумы өтті

6 сәуірде Алматы технологиялық университетінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында және «Өз жолыңды таңда» жәрмеңкесі өткізілді. Форумның мақсаты – университет бітірушілерінің түрлі буындарын біріктіру, университет пен түлектер арасындағы байланысты нығайту.

Әр жылдардың түлектері, қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда қызмет етіп жүрген, белгілі компаниялардың негізін қалаушылар мен басшылары және жеке кәсіпкерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, кеңестерін беріп, болашақ түлектерге сәттілік тілей отырып, құнды кеңестерін ұсынды. Қонақтар сондай-ақ, Түлектер ассоциациясы мен АТУ Қамқоршылық кеңесінің бастамасымен құрылған «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының жұмысымен танысты.

Форум аясында «Жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді, оның негізгі мақсаты – түлектерді жұмыс берушілермен кездестіру болды. Бұл болашақ мамандарға өз мамандықтарының қазіргі уақытта қаншалықты сұранысқа ие екенін білуге және жұмыс берушілер тарапынан ұсынылатын бос орындар туралы ақпарат алуға жақсы мүмкіндік болды.