«Эндаумент АТУ» корпоративтік қоры Алматы технологиялық университетінің студенттері арасында «Жылдың үздік студенті – 2026» байқауының басталғанын хабарлайды.
Аталған байқаудың мақсаты – студенттердің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық, спорттық және шығармашылық қызметтегі жетістіктерін қолдау, белсенді жастарды ынталандыру және олардың көшбасшылық әлеуетін дамыту.
Қатысушылар
Байқауға Алматы технологиялық университетінің 2–5 курс студенттері қатыса алады.
Байқау кезеңдері
1-кезең – Өтінімдерді қабылдау:
10 – 30 наурыз 2026 жыл
2-кезең – Портфолионы іріктеу:
31 наурыз – 1 сәуір 2026 жыл
3-кезең – Финал және марапаттау рәсімі:
3 сәуір 2026 жыл
Марапаттар
Байқау қорытындысы бойынша 10 студентке дейін келесі марапаттар табысталады:
- «Жылдың үздік студенті» сертификаты
- 1 семестрге стипендиялық грант
Қатысу үшін қажетті құжаттар
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- өтінім;
- «Менің жетістіктерім — менің нәтижем» портфолиосы.
Құжаттарды қабылдау орны
«АТУ Эндаумент» корпоративтік қоры, 1211 кабинет.
Байланыс
Қосымша ақпарат алу үшін:
📲 WhatsApp: 87024952334
Әсел Болатқызы
✨ АТУ студенттерін байқауға белсенді қатысуға шақырамыз!
✨ Өз жетістіктеріңізді көрсетіп, университеттің үздік студенті атаныңыз!
#АТУ
#АлматыТехнологиялықУниверситеті
#ATU
#ATUstudents
#ATUEndowment
#ЭндаументАТУ
#EndowmentATU
#ЖылдыңҮздікСтуденті
#ҮздікСтудент2026
#StudentOfTheYear
#ATUlife
#ATUcommunity
#ATUachievement
.pdf Ереже
.word Анкета
.word Портфолио