Жұма, 03 Шілде 2026 04:51

2026 жылы Нұрлан Қаппаров атындағы білім беру грантына өтінім қабылдау басталды

«Эндаумент АТУ» Корпоративтік қоры Нұрлан Қаппаров атындағы білім беру грантын тағайындауға арналған жыл сайынғы байқауға өтінімдер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Байқаудың мақсаты – «Алматы технологиялық университеті» АҚ-ның бакалавриат білім беру бағдарламаларына оқуға түсетін дарынды, ынталы және қоғамдық белсенді талапкерлерді қолдау.

Байқау жеңімпазына (жеңімпаздарына) оқудың бірінші жылының оқу ақысының 100%-ына дейінгі мөлшерде білім беру гранты беріледі. Грант мөлшері байқау нәтижелеріне, жеңімпаздар санына және Қордың қаржылық мүмкіндіктеріне қарай Сараптамалық комиссияның шешімімен айқындалады.

Байқауға кім қатыса алады?

  • «Алматы технологиялық университеті» АҚ-ның бакалавриат бағдарламалары бойынша ақылы бөлімге оқуға түсетін талапкерлер;
  • Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) сертификаты бар талапкерлер;
  • ҰБТ нәтижесі бойынша 50 және одан жоғары балл жинап, әрбір пән бойынша белгіленген шекті балдан өткен талапкерлер қатыса алады.

Байқау тапсырмасы

Байқауға қатысу үшін авторлық бейнеролик дайындау қажет.

Тақырыбы:

«АТУ – менің болашақ мамандығыма бастар жол»

Бейнероликтің ұзақтығы – 3 минутқа дейін (180 секунд).

Бейнероликті Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаңызға ашық қолжетімділікпен жариялап, келесі ресми аккаунттарды белгілеу қажет:

  • @atu_media
  • @endowmentfund.atu

Сондай-ақ келесі хэштегтерді пайдалану қажет:

#endowmentfundatu

#grantatu

Бағалау критерийлері

Конкурстық жұмыстарды «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының тұрақты жұмыс істейтін Сараптамалық комиссиясы бағалайды.

Бағалау критерийі

Ең жоғары балл

ҰБТ нәтижелері

40

Бейнеролик

40

Қатысушының уәждемесі

20

Барлығы

100

Бейнероликті бағалау кезінде:

  • конкурс тақырыбының ашылуы;
  • идеяның бірегейлігі;
  • тақырыпты ашу сапасы;
  • сөйлеу мәдениеті;
  • дәлелділігі;
  • шығармашылық көзқарасы ескеріледі.

Қатысушының уәждемесін бағалау кезінде:

  • университетті таңдаудың саналы болуы;
  • білім алуға қызығушылығы;
  • университеттің қоғамдық өміріне қатысуға дайындығы;
  • кәсіби дамуға ұмтылысы ескеріледі.

Қорытынды балл тең болған жағдайда ҰБТ нәтижесі жоғары қатысушыға басымдық беріледі.

Қажетті құжаттар

2026 жылғы 25 тамызға дейін төмендегі құжаттардың көшірмелерін Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына жолдау қажет:

  • жеке куәлік;
  • аттестат (немесе колледж дипломы);
  • ҰБТ сертификаты;
  • АТУ-ға ақылы бөлімге құжат тапсырғанын растайтын құжат;
  • жарияланған бейнероликке сілтеме.

Қосымша ретінде дипломдар, мақтау қағаздары, сертификаттар және жетістіктерді растайтын өзге де құжаттарды қоса беруге болады.

Маңызды мерзімдер

📅 Өтінімдер 2026 жылғы 25 тамызды қоса алғанға дейін қабылданады.

📢 Байқау нәтижелері 2026 жылғы 30 тамызға дейін жарияланады.

Грант алғаннан кейін

Грант иегері оқуының бірінші жылы ішінде Endowment ATU қорының еріктілік жобаларына кемінде 80 сағат қатысады.

Байланыс

Байқауға қатысу мәселелері бойынша:

Әсел Болатқызы

📱 WhatsApp: +7 702 495 23 34

📧 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Нұрлан Қаппаров атындағы білім беру грантын тағайындауға арналған жыл сайынғы байқау туралы Ереженің толық мәтінімен төменде таныса аласыз.