2020 жылдың шілде айында Алматы технологиялық университетінің «Эндаумент АТУ» корпоративтік қоры меценат Гаухар Қаппарованың бастамасымен Нұрлан Қаппаров атындағы жыл сайынғы білім беру грантын құрды.
Нұрлан Қаппаров – Алматы технологиялық университетінің түлегі, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, жастар мен білім беру мәселелеріне үлкен мән берген кәсіпкер.
Жыл сайынғы білім беру грантын тағайындау үшін конкурс өткізілді. Байқауға қатысушылар «Қазақстан экологиясын дамытуға қосқан үлесім» атты эссе дайындады.
Комиссия, құрамына меценат Гаухар Қаппарова, «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшелері және Алматы технологиялық университетінің басшылығы кірген, байқаудың қорытындысын шығару үшін 20-дан астам жұмысты қарастырды.
Байқаудың жеңімпазы болып Атырау облысы Құлсары қаласынан келген Ғалымжанова Нұрия танылды. Нұрия өз эссесінде Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі экология мәселелерін ашып, мұнай өңдеу кәсіпорындары бар аймақтардағы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін көтерді.
Алынған білім беру гранты бірінші оқу жылының 100% шығынын өтейді.
Сонымен қатар, комиссия келесі қатысушылардың жұмыстарын атап өтті, оларға жеке оқу жеңілдіктері беріледі:
- Құрманәлі Дәулетхан, Алматы қаласы
- Күштаниева Лариса, Ақтөбе облысы
- Әкільбекова Жібек, Қаскелең қаласы
- Димаш Ұлжан, Алматы қаласы
Алматы технологиялық университетінің «Эндаумент АТУ» корпоративтік қоры барлық қатысушыларға атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, оқуда табыс тілейді.