Бейсенбі, 14 Қараша 2024 06:57

START-UP ATU-2022

2022 жылдың 4 сәуірінде Қазақстандағы Ғылым күніне орайластырылған «START-UP ATU» жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқау аясында екінші кезеңнен өткен 12 жоба таныстырылды (пост таспасында көрсетілген).

«START-UP ATU» жеңімпаздары ретінде келесі жобалар таңдалып, «Эндаумент АТУ» Корпоративтік қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады:

  • Деконструктивизм принциптерін этникалық бағыттағы Шинуазри стилімен үйлестіре отырып, жастарға арналған сыртқы киім топтамасын жобалау – Манатқызы Динара (ФДТТиО) – 300 000 теңге.
  • Биопакеттердің ыдырау әдістерін зерттеу – Аут Наира (ФПТ) – 300 000 теңге.

Барлық финалистерді сәтті қатысумен және жеңіспен құттықтаймыз! Баршаңызға шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!