Бейсенбі, 14 Қараша 2024 06:57

Нұрлан Қаппаров атындағы грант байқауы 2022

Құрметті талапкерлер!

Нұрлан Қаппаров атындағы грант байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын қуанышпен хабарлаймыз. Байқау жыл сайын бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлер арасында өткізіледі.

Нұрлан Қаппаров атындағы грант 1 (бір) жыл оқу ақысының 100% шығынын өтейді.

Үміткерлер: 2022 жылы ҰБТ тапсырған және нәтижесінде 50 немесе одан да жоғары балл жинаған талапкерлер.

Нұрлан Қаппаров атындағы білім беру гранты 2020 жылы меценат Гаухар Қаппарова мен «Эндаумент АТУ» Корпоративтік қорының бастамасымен құрылды.

Нұрлан Қаппаров – Алматы технологиялық университетінің түлегі.

Нұрлан Қаппаров – Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, жастар мен білім беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлген кәсіпкер.