Жеңімпаз Орал қаласынан келген Гүлсана Хамзина болды. Гүлсана мектепте үздік оқып, түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған, әрдайым белсенділік танытқан! АТУ туралы ол бала кезінен осы университетте білім алған туыстарынан білген. Сол уақыттан бері АТУ-да оқуды армандаған.
«Мен сіздердің университеттеріңізге түскім келді», – деп жазды Гүлсана байқауға арналған хатында. Ол «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасына түскісі келді, бірақ өкінішке орай, мемлекеттік грантқа небәрі үш балл жетпей қалды.
Біз Гүлсананың АТУ-да оқу арманы орындалғанына қуаныштымыз!
Құттықтаймыз, Гүлсана! Сәтті оқу мен белсенді өмірлік ұстаным тілейміз! Жарайсың! 👏