Сейсенбі, 27 Ақпан 2024 12:15

АТУ Эндаумент Корпоративтік Қоры ұйымдастырған байқаудың нәтижелері

  

Тағам технологиялары факультетінің «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»бағыты бойынша 3 курс студенттеріне арналған «Эндаумент АТУ» Корпоративтік Қоры ұйымдастырған Жапония мен Оңтүстік Кореяның үздік кәсіпорындарында тағылымдамадан өтуге арналған конкурстың қорытындысы шығарылды.

Жеңіс үшін 8 қатысушы күресті, олардың әрқайсысы «Шикізат базаларының сипаттамасы және макарон өнімдерін өндірудің негізгі кезеңдері» тақырыбында өз презентациясын ұсынды.

Беделді қазылар алқасының мүшелері түпкілікті таңдау жасау өте қиын болғанын атап өтті, өйткені барлық студенттер өздерінің жобалары мен оқу, ғылым, университеттің қоғамдық өмірі мен шығармашылығындағы жетістіктерін лайықты түрде ұсынды.

Жеңімпазымыз Айнадинова Жаннұр Дарханқызыны құттықтаймыз және оған табысты әрі нәтижелі тағылымдама тілейміз!