Жұма, 14 Маусым 2024 11:34

Нұрлан Қаппаров грантына өтініш қабылдау басталды – 2024

Нұрлан Қаппаров атындағы грант конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. 2024 жылдың 17 маусымы мен 25 тамызы аралығында өтініш бере аласыз!!!
Байқау жыл сайын АТУ бакалавриатының білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлер арасында өткізіледі.
Нұрлан Қаппаров атындағы Грант 1 (бір) оқу жылындағы шығыстарды 100% жабуды көздейді.
Үміткерлер: 2024 жылы ҰБТ тапсырған және нәтижелері бойынша 50 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер.
Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты меценат Гаухар Қаппарованың @gauharakap және “Эндаумент АТУ” @endowmentfund.atu корпоративтік қорының бастамасымен 2020 жылы құрылды.
Нұрлан Қаппаров Алматы технологиялық университетінің түлегі болып табылады.
Нұрлан Қаппаров жастарға және білім беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлген қазақстандық мемлекет қайраткері және кәсіпкер болған.

Сілтеме бойынша толық ақпарат:
Қатысу мәселелері бойынша Тел.: +7 775 444 00 81 Айнур Ибраевна