Құрметті талапкерлер!
Сіздерге Нұрлан Қаппаров атындағы грант байқауына өтініштерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Байқау жыл сайын АТУ бакалавриат бағдарламаларын таңдаған талапкерлер арасында өткізіледі.
Нұрлан Қаппаров атындағы грант 1 (бір) жылдық оқу ақысын 100% қамтуды қарастырады.
Қатысушылар: 2023 жылы ҰБТ тапсырған және 50 балл және одан жоғары нәтиже көрсеткен талапкерлер.
Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты 2020 жылы меценат Гауһар Қаппарованың (@gauharakap) бастамасымен және «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының (@endowmentfund.atu) қолдауымен құрылды.
Нұрлан Қаппаров – Алматы технологиялық университетінің түлегі.
Нұрлан Қаппаров – қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері, кәсіпкер, жастарға және білім беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлген тұлға.
Грантты тағайындау байқауына қатысу шарттары:
- Видеоролик дайындау
Конкурсант өз өңіріндегі волонтерлік қозғалыстың дамуы туралы көзқарасы мен пікірін көрсететін тақырыпта қазақ немесе орыс тілінде ұзақтығы 0:59 секундқа дейін видеоролик дайындап, оны Instagram желісіндегі аккаунтында жариялауы қажет.
Видеороликке қойылатын талаптар:
- Ұзақтығы 0:59 секундқа дейін;
- Тақырыпқа қатысты кемінде 300 таңбадан тұратын мәтіндік сипаттамасы болуы (қазақ немесе орыс тілінде);
- Авторлық құқықтарды сақтай отырып музыкалық сүйемелдеу;
- Видеоролик пен оның сипаттамасын жариялаған кезде міндетті түрде @atu_media аккаунтына белгі қойып, #grantatu хэштегін қолдану.
Қосымша: видеороликті электронды форматта endowment@atu.edu.kz мекенжайына 2023 жылдың 20 тамызына дейін жіберу қажет.
Хатқа видеороликпен бірге келесі құжаттарды қоса жіберіңіз:
- ҰБТ сертификатының көшірмесі;
- Жалпы орта білім туралы аттестат немесе техникалық және кәсіби білім туралы диплом көшірмесі.
Байқау нәтижелері қатысушылардың Instagram желісінде жариялаған видеороликтері негізінде 2023 жылдың 25 тамызына дейін эксперттік комиссия шешімімен анықталады.
.pdf Байқау ережелері