Байқауға қатысып, семестрлік стипендия ұтып ал!
Өтініштерді 2022 жылдың 31 наурызына дейін тапсырыңыз.
Байқауға АТУ-дың 2-4 курс күндізгі оқу формасында оқитын студенттері қатыса алады, егер олар университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық қызмет, спорттық, мәдени өмірінде жоғары жетістіктерге жеткен болса.
Байқаудың негізгі мақсаты – университетте оқып жатқан студенттердің ішінен ең белсенді түрде оқу, ғылым, студенттік өзін-өзі басқару, спорт, шығармашылық және басқа да салаларда өздерін танытқан студенттерді анықтап, көтермелеу.
Байқауды ұйымдастырушы және ұйытқысы – «Эндаумент АТУ» корпоративтік қоры.
Байқау 2022 жылдың 14 наурызы мен 6 сәуірі аралығында өтеді және келесі кезеңдерден тұрады:
I кезең – Өтініштерді қабылдау
Қашан: 14-31 наурыз 2022 жыл
Байқауға қатысу үшін:
- Өтінішті онлайн толтырып, https://forms.gle/12MbooDXrFAbjZMx5 сілтемесі бойынша жүктеп алыңыз.
- Өтінішті endowment@atu.edu.kz электронды поштасына жіберіңіз немесе 1211 кабинетіне қолмен тапсырыңыз.
- «Менің жетістіктерім – менің нәтижем» тақырыбы бойынша портфолио жасап, өтінішке қосыңыз. Жақсы портфолио жеңіске жету мүмкіндігін арттырады!
Назар аударыңыз: Егер өтініш пен портфолио уақытында немесе дұрыс формада тапсырылмаса, байқауға қатысуға рұқсат берілмеуі мүмкін.
II кезең – Қатысушылардың портфолиосын таңдау
Қашан: 1-5 сәуір 2022 жыл
Әрбір портфолио мұқият қаралады және ешқандай жетістік ескерусіз қалмайды. Ең белсенді студенттердің өтініштері іріктеліп, байқаудың финалдық кезеңіне қатысады.
ІII кезең – Презентация
Қашан: 6 сәуір 2022 жыл
Байқаудың финалистері өздерінің жетістіктері туралы презентация түрінде немесе қысқаша бейнеролик арқылы айтып береді. Студентті бағалау Эксперттік комиссия мен «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшелері арқылы жүзеге асырылады.
Байқау нәтижелері бойынша 4 студентке «Жыл студенті» сертификаттары мен 25 000 (жиырма бес мың) теңге көлеміндегі бір семестрлік стипендиялық гранттар тапсырылады.
Байқауға қатысу және шарттар туралы толық ақпаратты келесі сілтемелерден алуға болады:
.pdf Байқау ережелері
.doc Өтініш формасы
.doc Портфолио