Н. Қаппаров атындағы грант конкурсының қорытындысы шықты!

29.08.2023

Н. Қаппаров атындағы грант конкурсының қорытындысы шықты!

2023 жылғы конкурстың жеңімпазы инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бағытының студенті Мұрат Ерасыл Меңдібайұлы   болды! Мұрат АТУ-да 1 жыл оқуға 100% грант алды!

Конкурстық комиссия инжиниринг және ақпараттық технологиялар факультетінің, бағдарламалық Инженерия бағытындағы студенті Аламан Сәбитұлы Сейтқопаровқа 1 жылдық оқуға 10% жеңілдік беру туралы шешім қабылдады!

Сондай ақ қызықты конкурстық жұмыстар үшін АТУ-дан брендтелген өнімдермен мына студенттер марапатталды:

Нұрлан Жандос Ғалымжанұлы, ИжАТФ студенті, Ақпараттық жүйелер бағыты

Серикова Дана Семеновна, ДТжКТФ студенті, Дизайн бағыты

Жүнісқанова Айсұлу Ұланқызы, ЭжБФстуденті, Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі бағыты

Меймантай Мейіржан Әлмұханұлы, ДТжКТФ студенті, Дизайн бағыты

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!! Оқуда үлкен жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!!!