НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қоры жыл сайынғы дәстүрлі "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ" байқауын жариялайды

17.01.2024

Байқауға қатысуға университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық қызметі, спорттық, мәдени өмірінде жоғары жетістіктері бар АТУ күндізгі оқу бөлімінің 2-4 курс студенттері шақырылады.

Байқаудың  негізгі мақсаты – іскерлік белсенділікті дамыту, студент жастардың білім деңгейі мен әлеуметтік-тұлғалық құзыретін арттыру.

Байқаудың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қоры болып табылады.

Байқау 2024 жылғы 29 қаңтар мен 01 наурыз аралығында келесі кезеңдерде өткізіледі:

  І кезең-өтінімдерді қабылдау.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2024 жылғы 29 қаңтар мен 26 ақпанға дейін.  Байқауға қатысу және өтінім беру үшін көрсетілген мерзімде өтінімді берілген (1-қосымша) бойынша рәсімдеу және "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қорына қолма-қол 1211-кабинетке (Төле би көшесі, 100) өткізу қажет.

Байқауға қатысушылар өтініммен бірге (2 – қосымшаға) сәйкес "Менің жетістіктерім - менің нәтижем" портфолиосын (бұдан әрі-Портфолио) өткізу керек.

  ІІ кезең - қатысушылардың портфолиосын іріктеу 2024 жылғы 27 ақпан 29 ақпан аралығында "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қорының Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің қатысуымен өтеді.

  ІІІ кезең-Тұсаукесер және марапаттау.

  2024 жылғы 01 наурызда байқаудың  сарапшылық кеңесі мүшелерінің алдында қатысушылардың үздік портфолиосының тұсаукесері өтеді.

  Байқау қорытындысы бойынша 10 жеңімпаз студентке "Жылдың үздік студенті" сертификаттары және "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қорынан 1 (бір) семестрге стипендиялық гранттар беріледі.

  Байқаудың қатысуы мен шарттары туралы толық ақпаратпен  "Жылдың үздік студенті" конкурсын өткізу туралы ережесі сілтемесі бойынша танысуға болады.

1 қосымша

2 қосымша