Нұрлан Қаппаров атындағы грант байқауы 2023

31.07.2023

Құрметті талапкерлер!

Нұрлан Қаппаров атындағы грант конкурсына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз. Байқау жыл сайын АТУ бакалавриатының білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлер арасында өткізіледі.

Нұрлан Қаппаров атындағы Грант 1 (бір) оқу жылындағы шығыстарды 100% жабуды көздейді.

Үміткерлер: 2023 жылы ҰБТ тапсырған және нәтижелері бойынша 50 және одан көп балл жинаған талапкерлер.

Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты меценат Гаухар Қаппарованың@gauharakap және "Эндаумент АТУ"@endowmentfund.atu корпоративтік қорының бастамасымен 2020 жылы құрылды.

Нұрлан Қаппаров Алматы технологиялық университетінің түлегі болып табылады.

Нұрлан Қаппаров жастарға және білім беру мәселелеріне үлкен көңіл бөлген қазақстандық мемлекет қайраткері және кәсіпкері болды.

Грант беру конкурсына қатысу шарттары:

1. Бейне ролик

Конкурсқа қатысушының Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунтында орыс немесе қазақ тілдерінде "Менің туған өңірдегі еріктілер қозғалысын дамытуға деген көзқарасым" тақырыбында 0:59 сек. дейінгі бейнероликпен пост жариялау.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

- ұзақтығы 0: 59 секундқа дейін

- орыс немесе қазақ тілдеріндегі көлемі 300 таңбадан кем емес (барлық әріптер мен белгілердің жалпы саны) тақырыптағы бейнероликке мәтіндік сипаттама

- авторлық құқықты сақтай отырып, музыкалық сүйемелдеу

- байқауға қатысушының Instagram аккаунтында бейнероликпен және тақырыптың сипаттамасымен АТУ @atu_media аккаунтының міндетті белгісі мен #grantatu хэштегі бар пост жариялау

Қосымша көрсетілген мекенжайға электрондық форматта бейнеролик тапсырылады: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 2023 жылдың 20 тамызына дейін.

Бейнероликтегі хатқа қасымша ҰБТ сертификатының көшірмесін, сондай-ақ жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесін немесе техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесін қоса беру қажет.

Қатысушылардың посттарында жарияланған бейнероликтер бойынша конкурстың нәтижелерін сараптама комиссиясы 2023 жылғы 25 тамызға дейін жариялайды.

 

.pdf  Білім гранты туралы ереже