Қазақстанның эндаумент-қорларының II Республикалық конференциясы

08.09.2022

6-7 қыркүйек 2022 жылы Қазақстанның эндаумент-қорларының II Республикалық конференциясы өтті,  оған "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қорының директоры А. И. Матибаева да қатысты. Дөңгелек үстел форматында өткен іс-шарада "Қазақстан халқына" қорының төрағасы Б.Б. Жәмішев кіріспе сөз сөйледі.  Эндаумент-қорларының қазіргі таңдағы өзекті мәселелері талқыланып, қордың даму үдерістері туралы пікір алмасты. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жоғары оқу орындарының эндаумент-қорларын дамыту жөніндегі Жолдауында қойылған міндеттерді талқылауға ерекше назар аударылды. Конференцияға ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек те қатысты.
   Қорытындылай келе Эндаумент-қорлары туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар пакеті әзірленді.