Нұрлан Қаппаров атындағы 2022 жылғы грант конкурсының қорытындысы шықты

25.08.2022

Орал қаласынан Хамзина Гульсана жеңімпаз атанды. Гульсана мектепте сабақты өте жақсы оқыған, түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған, әрдайым белсенді болған! «АТУ туралы бала кезімде университетте білім алған туыстарымнан білдім. Содан бері, АТУ-да оқуды армандадым. Мен сіздердің университеттеріңізге оқығым келеді», - деп жазды Гульсана конкурсқа жазған хатында. Ол «Мейрамхана және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасына тапсырған, бірақ, өкінішке орай, мемлекеттік грант алу үшін үш балл жетпей қалған.

Гульсананың АТУ-ға түсу арманы орындалғанына қуаныштымыз!

Жеңісіңмен шын жүректен құттықтаймыз! Сен лайықтысың! Алдағы уақытта оқуыңа сәттілік тілейміз, әлі де алар асуларың көп болсын! Жарайсың! 👏