«АТУ-2022 үздік электрондық курсы» байқауының жеңімпаздары мен финалистерін марапаттау

10.06.2022

Бүгін АТУ-да әдістемелік семинар өтті, онда оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу нысандары, ЖОО-да цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану, ЖОО-да оқытудың интерактивті әдістері, сондай-ақ жаппай онлайн ашық курста интерактивті әдістерді қолдану мүмкіндіктері бойынша ұсынымдар берілді.

Іс-шара аясында «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының инвестициялық табысы есебінен «АТУ-2022 үздік электрондық курсы» байқауының жеңімпаздары мен финалистерін марапаттау рәсімі өтті. «АТУ үздік электрондық курсы» байқауының келесі қатысушылары ақшалай сыйлыққа ие болды:

  • Әлібекова Айгүл Нұрбақытқызы
  • Матибаева Айнұр Ибраева
  • Григорьева Ольга Васильевна
  • Жолдыбаева Айнұр Амангелдіқызы
  • Мәжит Жәмилә Батырқызы
  • Кирбетова Анар Сағатқызы
  • Туебекова Зейнеп Жапарқызы

Оқытушыларды құттықтаймыз және жаңа идеялар мен жобалар тілейміз!