Нұрлан Қаппаров атындағы грантқа байқау 2021 жыл

21.06.2021

Сіздерге Нұрлан Қаппаровтың атындағы грантқа ие болу конкурсына қатысу үшін, өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы қуанышты хабардар етеміз!

Байқау жыл сайын АТУ бакалавриатының білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлер арасында өткізіледі.

Нұрлан Қаппаров атындағы грант 1 (бір) жылдық оқу шығындарын 100% өтейді.

Үміткерлер: 2021 жылы ҰБТ-дан 50 немесе одан жоғары балл жинаған талапкер қатыса алады.

Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты меценат Гаухар Қаппарованың және АТУ Эндаумент корпоративтік қорының бастамасымен 2020 жылы құрылды.

Нұрлан Қаппаров – Алматы технологиялық университетінің түлегі. Нұрлан Қаппаров жастарға және білімге үлкен көңіл бөлген қазақтың мемлекет қайраткері және кәсіпкер.

Гранттық байқауға қатысу шарттары:

1) Бейнежазба

Инстаграм әлеуметтік желісіндегі қатысушының аккаунтында 0:59 сек бейнежазбамен «Менің қаламдағы экологиялық проблемалар, мен қалай көмектесе аламын?» тақырыбында орыс немесе қазақ тілінде пост жариялау.

Бейнежазбаға қойылатын талаптар:
– ұзақтығы 0:59 сек
– орыс немесе қазақ тілінде кемінде 300 таңбадан тұратын (барлық әріптер мен таңбалардың жалпы санын қосқанда) тақырыптағы бейненің мәтіндік сипаттамасы.
– авторлық құқықты сақтай отырып музыкалық сүйемелдеуді қосу
– АТУ-дың @atu_media аккаунтын міндетті түрде белгілеп, #grantatu #ecoatu хэштегтерімен конкурсқа қатысушының инстаграмдағы аккаунтында бейне және тақырып сипаттамасы бар пост жариялау.

Сонымен қатар, бейне электронды форматта көрсетілген мекен-жайға жіберіледі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 2021 жылдың 15 тамызына дейін.

Хатқа ҰБТ сертификатының көшірмесі, сондай-ақ жалпы орта білім туралы куәліктің немесе техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесі бейнеклиппен қоса тіркелуі керек.

Қатысушылардың посттарындағы жарияланған бейнероликтер бойынша байқаудың нәтижелерін сараптама комиссиясы 2021 жылдың 25 тамызына дейін жариялайды.