АТУ түлектері қауымдастығының отырысы

03.03.2017

Алматы технологиялық университетінде АТУ Түлектері қауымдастығының отырысы өтіп, онда «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының жұмыс істеу механизмі талқыланды.

Алматы технологиялық университеті болашақ кәсіби кадрларды дамытуға, ғылыми зерттеулерге және университеттің мәртебесін нығайтуға жаңа мүмкіндік беретін корпоративтік қор құру туралы шешім қабылдаған республикамыздың алғашқы университеттерінің бірі болды.

Отырысқа университет басшылығымен бірге қауымдастық мүшелері, өздерінің альма-матерының қарқынды дамуына мүдделі АТУ түлектері қатысты. Қордың Қамқоршылар кеңесі келесі құрамда ұсынылып, таныстырылды: оның төрағасы АТУ профессоры Р.Г. Мнацаканян, АТУ-дың қаржы және экономикалық мәселелер жөніндегі директоры М.С. Құлажанова, «Эфес Казахстан» ЖК директоры С.В. Вериш, «Aida KaumeNOVA» сән үйінің директоры А.М. Кауменова, «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының аға-оқытушысы М.Х. Абенова.

Қордың директоры ретінде АТУ-дың экономикалық бөлімінің бастығы Шындәулетова Айгүл Жұманқызы және аудиторлық комиссия Бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығының президенті В.К. Ерушкина сөз сөйледі.

Кездесу барысында АТУ түлектері қауымдастығының төрағасы сайланды. Бәрі бірауыздан шешім қабылдап, жауапты лауазымға қазақстандық дизайнер Аида Кауменованы тағайындады.

АТУ түлектері қауымдастығының жұмысы жалғасуда, ал болашақта университет түлектерінің үйірмелерін кеңейтуге және нығайтуға, сонымен бірге «Эндаумент АТУ» қорын белсенді түрде насихаттауға бағытталған іс-шаралар жоспарланды.

 

2
3
4
5
Previous Next
1 2 3 4