"Жылдың үздік студенті" байқауы

15.03.2022

"Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қоры жыл сайынғы дәстүрлі "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ" байқауын жариялайды

Байқауға қатысуға университеттің оқу, ғылыми-зерттеу, қоғамдық қызметі, спорттық, мәдени өмірінде жоғары жетістіктері бар АТУ күндізгі оқу бөлімінің 2-4 курс студенттері шақырылады.

Байқаудың негізгі мақсаты – іскерлік белсенділікті дамыту, студент жастардың білім деңгейі мен әлеуметтік-тұлғалық құзыретін арттыру.

Байқаудың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қоры болып табылады.

Байқау 2022 жылғы 14 наурыз бен 06 сәуір аралығында келесі кезеңдерде өткізіледі:

І кезең-өтінімдерді қабылдау

Өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2022 жылғы 14 наурыздан 31 наурызға дейін.  Байқауға қатысу және өтінім беру үшін көрсетілген мерзімде өтінімді берілген(1-қосымша) бойынша рәсімдеу және "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қорына қолма-қол 1211-кабинетке (Төле би көшесі, 100) өткізу қажет.

Байқауға қатысушылар өтініммен бірге (2 – қосымшаға) сәйкес "Менің жетістіктерім - менің нәтижем" портфолиосын (бұдан әрі-Портфолио) өткізу керек.

ІІ кезең - қатысушылардың портфолиосын іріктеу 2022 жылғы 01-05 сәуір аралығында "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қорының Қамқоршылық кеңесі және АТУ түлектері қауымдастығы кеңесі мүшелерінің қатысуымен өтеді.

  ІІІ кезең-Тұсаукесер және марапаттау.

  2022 жылғы 06 сәуірде байқаудың  сарапшылық кеңесі мүшелерінің алдында қатысушылардың үздік портфолиосының тұсаукесері өтеді.

  Байқау қорытындысы бойынша 4 студент жеңімпаздарына "Жылдың үздік студенті" сертификаттары және "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қорынан 1 (бір) семестрге стипендиялық гранттар беріледі.

  Байқаудың қатысуы мен шарттары туралы толық ақпаратпен "Жылдың үздік студенті" конкурсын өткізу туралы ережесі сілтемесі бойынша танысуға болады.

 

.pdf  Жарыс туралы ереже

.doc  Өтініш формасы

.doc  Портфолио