2018 жылдың қараша айында Корпоративтік қор "Эндаумент АТУ" ұйымдастырған Start Up жобалар конкурсының жеңімпазы "IT Solutions Centre" жобасы болды. Қор "IT Solutions Centre" IT жобасын дамыту үшін 500 000 теңге көлемінде грант бөлді. Дамудың негізгі бағыттары: Веб-сайттар мен мобильді қосымшаларды әзірлеу. Робототехника және бағдарламалау курстары. Компьютерлік сауаттылық курстары және мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталығы. Есептік құжаттар: .pdf "IT Solutions Centre" ЖШС есебі
2017 жылдың желтоқсан айында АТУ студенттерінің бизнес және әлеуметтік жобаларын қолдау бағдарламасы аясында "Эндаумент АТУ" қоры "Kettik Qazaqstan" командасына қаржылай қолдау көрсетті. Қорға жүгінген кезде команда Алматы және Алматы облысында туристік маршруттарды табысты дамытып, жақын және алыс шетелдерден 500-ден астам клиентке қызмет көрсетті. "Эндаумент АТУ" қорының қолдауымен "Kettik Qazaqstan" жобасы: Маршруттар санын көбейтуді, Клиенттік базаны 2,5 есеге арттыруды, Негізгі табысты шетелдік клиенттер есебінен ұлғайтуды жоспарлады. Жобаны сәтті қорғаған "Kettik Qazaqstan" командасы 189 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау алды. Есептік құжаттар: .pdf "Kettik Qazaqstan" жобасының презентациясы .pdf "Kettik Qazaqstan" ЖШС есебі