Эндаумент АТУ

корпоративтік қоры

Табысты болашақ үшін ҮЛЕС!
Мақсат
Ғылыми, әлеуметтік және инфрақұрылымдық бағдарламалар мен университеттік жобаларды қолдау үшін ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ететін ресурстарды тарту.
Ректор Жолдауы

Құрметті түлектер, достар және Алматы технологиялық университетінің іскер серіктестері!

Түлеп ұшқан университетпен байланыста болу, оның өміріне қатысу, корпоративтік мәдениет пен ынтымақтастықты қалыптастыру - бұл өз өмірін және мамандығын құра білген кез келген адамның мақсаты.

АТУ-дың Түлектер қауымдастығы мен Қамқоршылық кеңесінің бастамасы бойынша «Эндаумент АТУ» корпоративтік қоры құрылды. Қор университет түлектерінен, бизнес әріптестерінен және университет достарынан қаржы ресурстарын жинақтайды және ол қаржыны талантты жастарды, ғылыми зерттеулерді, әлеуметтік жағынан осал топтарды және т.б. қолдау үшін инвестициялық кірісті басқарады.

Біз барлығын «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорын қалыптастыруға қатысуға және жастарды қолдаудың асыл ісіне өз үлесін қосуға шақырамыз.

Сіздің кез-келген сыйлығыңыз алғыспен қабылданады және Сіздің есіміңіз еліміздің ең көне техникалық жоғары оқу орындарының бірінің жаңа тарихында жазылады.

Құлажанов Т.Қ.