Нұрлан Қаппаров атындағы грант байқауы 2022

04.07.2022

Құрметті талапкерлер! 

Сіздерге Нұрлан Қаппаров атындағы грант байқауға қатысуға өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы қуана хабарлаймыз. Байқау жыл сайын АТУ бакалавриатының білім беру бағдарламаларын таңдаған талапкерлер арасында өткізіледі.

Нұрлан Қаппаров атындағы грант  бір академиялық  оқу жылындағы шығындарды 100% өтеуді көздейді.

2022 жылы ҰБТ нәтижелері бойынша 50 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер үміткер бола алады.

Нұрлан Қаппаров атындағы білім гранты меценат Гаухар Қаппарованың бастамасымен және "Эндаумент АТУ" Корпоративтік Қорымен 2020 жылы құрылды.

Нұрлан Қаппаров Алматы технологиялық университетінің түлегі.

Нұрлан Қаппаров қазақстандық мемлекет қайраткері және жастарға және білім беру мәселелеріне көп көңіл бөлген бизнесмен болды.