Нұрлан Қаппаров атындағы білім беру грантын тағайындау конкурсының қорытындысы туралы

28.08.2020

2020 жылдың шілде айында Алматы технологиялық университетінің "Эндаумент АТУ" корпоративтік қоры Нұрлан Қаппаров атындағы білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялады.

Байқауға қатысушылар "Менің Қазақстан экологиясын дамытуға қосқан үлесім" тақырыбында эссе дайындады, барлығы 20 өтінім берілді.

Комиссия құрамында меценат Гаухар Қаппарова, "Эндаумент АТУ" Қамқоршылық кеңесінің мүшелері болды. Алынған жұмыстарды жіті қарап, конкурстың қорытындысын шығарды.

Нәтижесінде байқау жеңімпазы болып Құлсары қаласынан Нұрия Ғалымжанова атанды. Алынған білім беру гранты 1 (бір) оқу жылындағы шығындарды 100% өтейді.

Сондай-ақ, комиссия келесі қатысушылардың жұмыстарын ерекше деп бағалап, оларға оқуға жеке жеңілдіктер беруге шешім қабылдады:

- Құрманәлі Дәулетхан, Алматы қаласы
- Куштаниева Лариса, Ақтөбе облысы
- Ақылбекова Жібек, Қаскелең қаласы
- Димаш Ұлжан, Алматы қаласы

Әр қатысушыға атқарған жұмыстары үшін алғысымызды білдіреміз және оқуда табыс тілейміз!