Нұрлан Қаппаров атындағы грант конкурсы

28.07.2020

Алматы технологиялық университетінің «Эндаумент АТУ» ұжымдық қорымен Нұрлан Қаппаров атындағы білім беру гранты бекітілді.

Нұрлан Қаппаров Алматы технологиялық университетінің түлегі болып табылады. Ол Қазақстанның мемлекеттік қайраткері, жастар мен білім беру мәселелеріне ерекше мән берген бизнесмен болды.

Нұрлан Қаппаров атындағы грант АТУ-дың бакалавриатының білім беру бағдарламасын таңдаған дарынды талапкерге тағайындалып, 1 (бір) жылдық оқу шығынын толықтай жабуды қарастырады.

Үміткерлер: ҰБТ-ны 2020 жылы тапсырған және оның нәтижесі 50 балдан жоғары болуы керек.  

Грант тағайындау конкурсына қатысу шарттары:

1. ЭССЕ

Орыс немесе қазақ тілінде «Менің Қазақстан экологиясының дамуына қосқан үлесім» тақырыбына эссе жазу.
Эссеге қойылатын талаптар:

- Word-пен электронды нұсқада Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  поштасына 2020 жылдың 22 тамызына дейін тапсыру керек.
- эссе көлемі 5 000 таңбадан аспауы тиіс (барлық әріптер мен таңбалардың жалпы саны).

2. ҰБТ нәтижесі

Эссеге ҰБТ сертификатын, орта білім туралы аттестат көшірмесін немесе техникалық және кәсіби білім туралы дипломның көшірмесін қосымша ретінде тіркеу қажет.  

Конкурс нәтижесі 2020 жылдың 24 тамызына дейін жарияланады.