Ату түлектерінің І форумы: Альма-Матерға қош келдіңіздер!

24.04.2017

21 сәуірде Алматы технологиялық университетінде әртүрлі жылдардағы университеттің түлектері - қазір өндіруші компаниялардың басшылары, мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері қатысқан I Түлектер форумы өтті.

Форумда АТУ ректоры, академик Талғат Құралбекұлы Құлажанов, бірінші проректор, профессор Бауыржан Құмарғалиұлы Нұрахметов, АТУ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, профессор Рудик Гайкович Мнацаканян, Түлектер қауымдастығының төрайымы, дизайнер Аида Кауменова, «ДАМУ» Басқарма қорының басқарушы директоры және мүшесі Алена Валерьевна Финогенова сөз сөйледі.

Түлектер форумын өткізудің негізгі идеясы университет пен түлектер арасындағы байланысты нығайту және университетті аяқтаған әртүрлі ұрпақтардың басын қосу болды. Форум қонақтарына АТУ Түлектері қауымдастығы және Қамқоршылар кеңесінің қызметі туралы, сондай-ақ университетті дамыту «Эндаумент АТУ» қоры туралы айтылды.

Спикерлер түлектерге университеттің корпоративтік рухты қолдау, құндылықтары мен имиджін сақтау, кәсіпқойлар мен энтузиастар қауымдастығын құру, бірлескен жобалар мен өсу мүмкіндіктерін анықтау мақсатында Қауымдастыққа қосылуға ұсыныс жасады.

Сонымен бірге, қонақтар АТУ түлектерінің қауымдастығы мен Қамқоршылар кеңесінің бастамасы бойынша университеттің 60-жылдық мерейтойы қарсаңында құрылған «Эндаумент АТУ» корпоративтік қорының жұмысымен танысты. Қордың қаржы ресурстары талантты жастарды, ғылыми зерттеулерді, әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдау және басқа да маңызды мақсаттарға жұмсалады.

Кеш барысында студенттер мен ұстаздар ән және би өнерлерін ортаға салды. "АТУ құрамасы" КТК командасы әзілдерімен қонақтардың көңілін көтерді. Ал кеш соңында АТУ хоры университет әнұранын орындады.