Эндаумент АТУ: стартап байқауының жеңімпаздары

27.12.2017

"Эндаумент АТУ" корпоративтік қоры ұйымдастырған стартап байқауының жеңімпаздарына 200 мың теңге көлемінде грант берілді.

Бірінші проректор Нұрахметов Б.Қ. және профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен боған жиында АТУ-дың Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Мнацаканян Р.Г. команда мүшелеріне сертификат табыстады.

Белсенді өмір салтына талпынған жастар үшін шын мәнінде маңызды болатын «Kettik Qazaqstan» жобасының негізін қалаушылар жаңа бастамашылар болып табылады. Жобаның негізін қалаушы Нұрсұлтан Есіркеповтың айтуынша, тауларға бару, табиғат аясына шығу хобби болса, қазір бұл бір кәсіп түріне айналды.

«Эндаумент АТУ» корпоративтік қоры 2017 жылы 08 ақпанда төрайымы университет түлегі, қазақстандық танымал дизайнер Аида Кауменова болып табылатын АТУ-дың Түлектер қауымдастығы бастамасымен құрылды.